Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Цинциннати (Огайо штаты, АҚШ) қаласында өтетін турнирдегі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі бұл турнирдің бірінші ойналымында WTA рейтингінде 60-орында тұрған мысырлық Майар Шерифпен кездеседі. Бұл ойын 15 тамызда болады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Рыбакина WTA рейтингінде 27-орында тұр.
Еске салайық, Рыбакина "Уимблдонда" топ жарғаннан кейін Сан-Хосе мен Торонтода өткен турнирлерде жеңіліп қалды.