Елена Рыбакинаның Торонтодағы келесі қарсыласы анықталды

©Reuters

Елена Рыбакинаның Торонтода (Канада) WTA турнирінің екінші айналымындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Рыбакина америкалық Кори Гауффпен кездеседі. Кори отандасы Мэдисон Бренглді 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Рыбакина мен Гауфф арасындағы матч 10 тамызға жоспарланған.

Еске салайық, осының алдында еліміздің маңдай алды спортшысы Чехиядан келген Мария Бузковадан (7:5, 6:7, 6:1) басым түскен еді. Бұл Еленаның "Уимблдондағы" жетістігінен кейінгі алғашқы жеңісі болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport