Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина бүгін Madrid Open турниріндегі кезекті матчын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/16 финалда ол қытайлық Чжэн Циньвэньге (№36) қарсы ойнайды. Кездесудің басталуы шамамен Астана уақытымен 23:00-ге жоспарланған.
Еске салайық, Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастап, румыниялық Елена-Габриэла Русені (№71) жеңіп шыққан еді. Ал Чжэн Циньвэнь америкалық София Кенинге (№68) қарсы матчта камбэк жасаған.
Айта кетейік, Madrid Open турнирі 21 сәуір мен 3 мамыр аралығына жоспарланған. Жүлде қоры 8,2 миллион долларды құрайды.
Жарнама