Теннис
Бүгін 09:55

Елена Рыбакинаның Мадридтегі ойынынан тікелей трансляция

©Андрей Ударцев/КТФ©

Бүгін, 24 сәуір күні Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №2) Madrid Open турниріндегі жарысын бастайды, деп хабарлайды Vesti.kz

Қазақстандық теннисшінің қарсыласы – румыниялық Елена-Габриэла Рузе (№71 WTA). Матч Қазақстан уақытымен 15:30-да басталады.

Тікелей трансляция сілтемесі осы

Айта кетейік, Елена Рыбакина мен Елена-Габриэла Рузе бұған дейін екі рет кездесіп, екі ойында да қазақстандық теннисші жеңіске жеткен.

Алғашқы матч 2022 жылдың наурыз айында Miami Open турнирінде өтті. Рыбакина 6:4, 7:5 есебімен жеңді. Екінші кездесу 2024 жылдың шілдесінде "Уимблдон" турнирінің бірінші айналымында өтіп, ол жерде де Рыбакина айқын басымдықпен (6:3, 6:1) жеңіске жеткен еді.

Еске сала кетейік, Мадридтегі турнир 21 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді, ал жүлде қоры 8 235 000 долларды құрайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport