auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Елена Рыбакинаға "Достық" ордені табысталды

Елена Рыбакинаға "Достық" ордені табысталды
©primeminister.kz

Сейсенбі, 12 шілде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездесті, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі. 

Үкімет басшысы Елена Рыбакинаға ҚР президентінің жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген II дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.

"Барлық қазақстандықтар Сіздің әлемнің ең атақты теннисшілерімен сайыстарыңызды бақылап отырды. Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетіп, Сіз отандастарымыздың үмітін ақтадыңыз, сондай-ақ Қазақстанда теннисті дәріптеуге баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің жеңісіңіз жас спортшыларды ынталандыра түседі деп сенемін", - деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Елена Рыбакина жоғары марапат үшін алғысын білдіріп, қазақстандықтардың қолдауын сезініп жүретінін айтты.

"Әрине, мен отандастарымыздың қолдауын ұдайы сезінемін. Бұл мен үшін үлкен қуаныш пен жауапкершілік. Кеше Қазақстанға ұшып келгенде мені қарсы алған адамдардың көп болғанын көрдім. Бұл жағдайдың менің басымнан өтіп жатқанына әлі де сене алар емеспін", — деді ол премьер-министрмен кездесуден кейін.
Қазақстандық теннисші жүлде қаражатының бір бөлігін елімізде қайырымдылыққа және юниорларды қолдауға жұмсайтынын айтты.

"Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына менің көмектесетін кезегім", — деді Елена Рыбакина.

Сондай-ақ, спортшы қаражаттың бір бөлігін жануарларға көмектесуге жұмсауды жоспарлап отыр.

"Бірнеше күннен кейін АҚШ-та өтетін турнирлерге дайындала бастаймын. Биылғы мақсат – әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына кіру. Басты мақсат – бірінші болу. Мен бұған ұмтыламын және бар күш-жігерімді саламын", — деді Уимблдон-2022 жеңімпазы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама