Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA Adelaide International турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Әлемнің 14-ші нөмірлі спортшысы саналатын отандасымыз чехиялық Мари Боузковамен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч бір сағат 34 минутқа созылды.