Теннис
10 ақпан 2022 17:38

Елена Рыбакина WTA 500 турнирінде жарысты жалғастырудан бас тартты

©Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Санкт-Петербургте өтіп жатқан WTA 500 турнирінін жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ширек финалға жолдама берілетін ойында отандасымыз әлемнің 42-ші ракеткасы чехиялық Тереза Мартинцевамен кездесуі тиіс болған. Алайда Рыбакина жарысқа шығудан бас тартты. 

Осылайша, Ресейдегі турнирге шықпаған әлемнің 12-ші ракеткасы қатарынан үшінші рет үлкен жарыстарды жалғастырудан бас тартып отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport