Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты

©ҚТФ

Елена Рыбакина Гвадалахарадағы (Мексика) WTA 1000 турнирінің бірінші айналымында чехиялық Каролина Плишкованы ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы 30 жастағы қарсыласын 1 сағат 17 минут ішінде ұтты. Есеп 7:6 (7:5), 6:2.

Енді турнирдің екінші айналымында Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен кездеседі. Қазіргі таңда Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 24-орында тұрса, Пегула 5-орынға жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport