Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды.
1/8 финалда Рыбакина Жапония өкілі Наоми Осакомен кездесті.
Матч екі сетке созылып, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты.
Рыбакинаның келесі қарсыласы – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Қытай өкілі Чжэн Циньвэнь.
Жарнама