Уимблдон теннис турнирінің ұйымдастырушылары жеребе алдында іріктеліп алынған мықты ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан спортшыларынан іріктеліп алынғандар қатарында Елена Рыбакина ғана – ол әйелдердің жекелей сынында 19-шы нөмірмен ойнайды.
"Уимблдон"-2021 жарысында бірінші іріктелгендер: ерлердің жекелей сынында – сербиялық Новак Джокович, ал әйелдерде - аутсралиялық Эшли Барти.
"Үлкен дуылға" турнирі үшінші маусымының негізгі кестесінің жеребесі бүгін, 24-маусымда өтеді.
Рыбакинадан бөлек "Уимблдонда" Қазақстан атынан Юлия Путинцева мен Зарина Дияс, ерлерден Александр Бублик пен Михаил Кукушкин өнер көрсетеді. Ал Дмитрий Попко жарыс жолынан шығып қалды.