Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елена Рыбакина турнирдің төртінші раундында әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездесті. Бірінші сетте есеп 3:1 болғанда бразилиялық теннисші медициналық үзіліс алды. Кейін тағы бір гейм ұтылып, ойынды жалғастырудан бас тартты.
Отандасымыз ширек финалда тунистік Онс Жабер мен чех қызы Петра Квитова арасындағы ойында ұтқанымен кездеседі.