Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінен шығып қалды

сурет: betobzor

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінде жекелей сындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

20 жастағы теннисші 1/8 финалда беларусьтік Арина Соболенкоға есе жіберді. Алдымен бірінші сетті WTA рейтингінде төртінші орындағы Арина 6:3 есебімен жеңсе, артынша жерлесіміз 6:4 нәтижесімен басым түсіп, таразы басын теңестіре алды. Дегенмен, шешуші партияда қарсыласына есе жіберді. Қорытынды есеп 6:3, 4:6, 6:3.

Еске салайық, бұл Рыбакинаның карьерасындағы алғашқы "Уимблдон" жарысы. Осыған дейін ол "Ролан Гаррос" турнирінің 1/4 финалына дейін жеткен еді. Токиодағы Олимпиадада Рыбакина жекелей және жұптық сында құрама намысын қорғайды.

Метки: