Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінде US Open чемпионын ұтты

©wtatennis

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Екінші кезеңде Рыбакина әлемнің 56-ракеткасы канадалық Бьянка Андресканы ұтты. US Open-2019 турнирінің жеңімпазы Еленаға 6:4, 7:6 (7:5) есебімен есе жіберді. 1 сағат 39 минутқа созылған ойында отандасымыз төрт мәрте эйс жасады.

Осыған дейін 23 жастағы қазақстандық теннисші мен 22 жастағы канадалық бойжеткен бір-бірімен кездеспеген.

Енді келесі айналымда Рыбакина 1 шілде күні бельгиялық Гретье Минненді ұтқан қытай қызы Чжэн Циньвэньмен өзара мықтыны анықтайды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport