WTA рейтингінде 25-орында тұрған Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Үшінші айналымда отандасымыз әлемнің 29-ракеткасы америкалық Элисон Рискені жеңді. Есеп - 6:2, 6:4. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.
Енді Рыбакина америкалық Мэдисон Кизбен кездеседі. Ол өз кезегінде әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі Ига Швентектен 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды.