Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (№7) Токиода өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ширек финалда ол Канаданың талантты теннисшісі Виктория Мбокомен (№23) кездескен.
Бірінші сетте Рыбакина 6:3 есебімен жеңіске жетті, есепте 3:0 болып алға шыққан еді.
Екінші партия тартысты өтті. Мбоко әр жолы алға шыққан сайын, Елена есепті теңестіріп отырды. Нәтижесінде сет тай-брейкке ұласып, Рыбакина 7:6 (4) есебімен басым түсті. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші Чехия өкілі Линда Носковамен (№17) кездеседі. Ол ресейлік Анна Калинскаяның (№38) жарысты жалғастыра алмауына байланысты келесі кезеңге өткен.
Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 1,06 миллион долларды құрайды.