Елена Рыбакина "Спорттағы жыл серпілісі" номинациясын жеңді

23 желтоқсан 2022 13:59
©ҚТФ

Астанада спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – "Жеңімпаз рухы" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Қазақстанның бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина "Спорттағы жыл серпілісі" аталымы бойынша номинацияда үздік шықты, деп жазады ҚТФ.

"Жыл серпілісі" номинациясында маған дауыс бергендердің барлығына алғыс айтамын. Бұл үлкен құрмет, аталған марапат мен үшін өте маңызды. Өкінішке орай, мен марапатты жеке ала алмадым, өйткені қазір Дубайда оқу-жаттығу жиынындамын және жақында Аустралиядағы жарыстарда ойнау үшін сол жаққа жол жүремін. Бір жыл бойы маған қолдау көрсетіп, уайымдаған барлық қазақстандықтарға тағы да үлкен рахметімді айтқым келеді. Алдағы жылы да сіздерді жақсы нәтижелермен қуанта беремін деп сенемін. Номинациялар бойынша барлық жеңімпаздарды құттықтаймын, сәттілік пен бар жақсылықты тілеймін" - деді Елена Рыбакина.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport