Елена Рыбакина Словениядағы турнирдің ширек финалына шықты

14 қыркүйек 2022 19:20
©olympic.kz

"Уимблдон" – 2022 турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Словениядағы жарыстың ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Рыбакина екінші айналымда чехиялық Тереза Мартинцевадан айласын асырды. Есеп 6:4, 6:1.

Енді жерлесіміз жартылай финалға берілетін жолдаманы украиналық Леся Цуренкомен сарапқа салады.

Еске салайық, еліміздің нөмірі бірінші ракеткасы Словениядағы турнирдің 1/16 финалында неміс қызы Лаура Зигемундты 6:7, 6:4, 7:6 есебімен ұтқан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport