Елена Рыбакина Римдегі турнирдің ширек финалына өтті

©instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина турнирдің 1/8 финалында әлемнің 70-ракеткасы, чехиялық теннисші Маркета Вондроушовамен ойнады. 

Матч 1 сағат 14 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Елена Рыбакина бұл ойында 4 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Қарсыластар осыған дейін 2021 жылы Мәскеу жарысында кездесіп, онда чехиялық теннисші 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жеткен еді.

Енді Елена Рыбакина ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швентек пен хорватиялық Донна Векичтің біреуімен кездеседі.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 57-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен ойнады.

Анна Калинская жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Небәрі 35 минутқа созылған ойында қазақстандық теннисші 3 эйс, 1 брейк жасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport