Теннис
24 қыркүйек 2021 23:21
 
Елена Рыбакина Остравадағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

  Пікірлер

blog.share

Елена Рыбакина Остравадағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады ©olympic.kz

Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Чехияның Острава қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисші польшалық Ига Швентекпен кездесіп, 6:7(5:7), 2:6 есебімен ұтылды.

Кездесу 1 сағат 43 минут болды. Ойын барысында Рыбакина екі эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде сегіз мәрте қателесті. Ал Швентек болса бір эйс істеп, допты ойынға қосу сәтінде екі мәрте қателікке бой алдырды. 

Енді Швентек турнирдің финалдық жолдамасын грекиялық Мария Саккариге қарсы кездесуде сарапқа салады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!