Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Елена ширек финалда аустралиялық Айла Томляновичті айқын жеңіп шықты. Бірінші сетте 6:2 есебімен басым болса, екінші сетте бірде-бір геймді бермеді - 6:0.
Жартылай финалда италиялық теннисші Жасмин Паолинимен (8-ракетка) кездеседі.
Айта кетейік, Нинбодағы турнир 19 қазанға дейін жалғасады. Жарыстың жалпы сыйақы қоры — 1,06 миллион доллар (шамамен 569 миллион теңге).