Теннис
16 қазан 19:48

Елена Рыбакина Нинбодағы турнирді сәтті бастады

©wtatennis.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (№9 WTA) Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирді сәтті бастады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Рыбакина жарысты екінші айналымнан (1/8 финал) бастап, Украина өкілі Даяна Ястремскаямен (№30) кездесті. Алғашқы сетте қазақстандық теннисші 2:4 есебімен қалып қойып еді, бірақ матчтың бағытын өз пайдасына бұрып, 6:4 есебімен жеңді.

Екінші партияда Ястремская таразы басын теңестіріп, 7:6 (8:6) есебімен ұтты. Дегенмен шешуші сетте Рыбакина ойынды тізгіндеп, 6:3 есебімен матчты аяқтап, ширек финалға жолдама алды.

Келесі айналымда Елена Австралия өкілі Айла Томляновичпен (№104) кездеседі. Ол өз кезегінде Түркия теннисшісі Зейнеп Сёнмезді 7:6 (8:6), 6:3 есебімен ұтқан.

Айта кетейік, Нинбодағы турнир 13–19 қазан аралығында өтеді. Жарыстың жалпы сыйақы қоры — 1,06 миллион доллар (шамамен 569 миллион теңге).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport