Елена Рыбакина мен Вероника Кудерметова жұбы финалда ұтылды

©globallookpress.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина BNP Paribas Open WTA 1000 турнирінің жұптық жарысында ұтылып қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Жерлесіміз ресейлік Вероника Кудерметовамен дуэт құрған болатын. Рыбакина мен Кудерметова жұбы бельгиялық Элизе Мертенс пен Тайвань өкілі Се Су-Вейге есе жіберді.

Қорытынды есеп - 6:7(1:7), 3:6.

Кездесу 1 сағат 34 минутқа созылған. 

Айта кетейік, Рыбакина мен Кудерметова жұптық сында Монреальдағы турнирдің жартылай финалында ойнаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: