Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалындағы матчын өткізді.
Қазақстандық теннисші бұл кезеңде әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Виктория Азаренкомен кездесті. Азеренко қазір әлемдік рейтингіде 32-орында тұр. Ол ширек финалда Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцеваны жеңген еді. Елена Рыбакина қарсыласын 2 сағат 33 минутқа созылға матчте 6:4, 0:6, 7:6 (2) есебімен ұтты.
Осылайша, теннисшілердің өзара кездесулеріндегі есеп 4:0 болды, Елена алда тұр.
Енді Рыбакина финалда әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова мен WTA рейтингінде 53-орында тұрған америкалық Даниэль Коллинз арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.