Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Madrid Open турнирінің 1/8 финалында жарысты аяқтады. Ол австриялық Анастасия Потаповаға (WTA №56) есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарыс нәтижесі бойынша Рыбакина турнирден 92 470 еуро сыйақы алады және 120 рейтингілік ұпай еншілейді.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы Мадридтегі жарысты екінші айналымнан бастап, алғашқы екі кезеңде румыниялық Елена-Габриэла Русе мен қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңген болатын.
Madrid Open турнирінің жалпы жүлде қоры 8,23 миллион еуроны құрайды. Жеңімпаз спортшы 1 007 165 еуро және 1000 рейтинг ұпайына ие болады.
Елена Рыбакина жарысты ерте аяқтағанымен, маңызды рейтингтік ұпай мен қаржылай табысқа қол жеткізді.
Жарнама