Жарнама

Теннис
Бүгін 07:44
 

Елена Рыбакина Мадридте екінші жеңісіне қол жеткізді

  Пікірлер

blog.share

Елена Рыбакина Мадридте екінші жеңісіне қол жеткізді ©olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) Madrid Open турниріндегі сәтті өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) Madrid Open турниріндегі сәтті өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды Vesti.kz.

Үшінші айналымда Рыбакина қытайлық Чжэн Циньвэньмен (36-орын) кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша  4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Енді 1/8 финалда Елена Рыбакина Анастасия Потапова (56-орын) мен Елена Остапенко (40-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Рыбакина Madrid Open-2026 турнирін румыниялық Елена-Габриэла Русені (71-орын) жеңуден бастаған.

Биылғы турнирдің жүлде қоры 8 235 540 еуроны құрайды. Жекелей сында чемпион атанған теннисші 1 007 165 еуро сыйақы алып, 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!