Теннис
18 қазан 13:51

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің финалына шықты

©WTA

Нинбода өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №9) италиялық Жасмин Паолиниді (WTA №8) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы матчты 6:3, 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Финалда Рыбакина Диана Шнайдер мен Екатерина Александрова арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Бұл турнир — Эр-Риядта өтетін WTA қорытынды турниріне жолдама алу тұрғысынан өте маңызды. Қазір Елена Рыбакина, Жасмин Паолини және турнирден шығып қалған Мирра Андреева соңғы екі бос орын үшін таласуда:

Паолини — 4325 ұпай,
Андреева — 4320 ұпай,
Рыбакина — 4000 ұпай.

Еленаға финалда жеңіске жетіп, турнир чемпионы атану WTA қорытынды турниріне қатысу мүмкіндігін сақтау үшін қажет болуы мүмкін.

Қытайда өтіп жатқан жарыстың жүлде қоры 1,06 миллион долларды (шамамен 569 миллион теңге) құрайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport