Елена Рыбакина Қазақстанға келді

©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

"Уимблдон" турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Еліміздің бірінші нөмірлі теннисшісі дүйсенбі күні кешкі рейспен елордаға қонды. Халықаралық әуежайдың VIP-терминалында спортшыны БАҚ өкілдерінен бөлек жанкүйерлер мен ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов күтіп алды.

Елена Рыбакина жанкүйерлерге алғыс білдіріп, барлық сұраққа арнайы ұйымдастырылатын баспасөз мәслихатында жауап беретінін айтты.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport