Елена Рыбакина жұптық сында да ұтылып "Роллан Гарростан" шығып қалды

Сурет: Sportbox

Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" жарысының жұптық сындағы жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Үлкен дуылғаның" франциялық турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жұптық сында өнер көрсетеді. Олар ширек финалға бірге жетіп, Магда Линетт (Польша) және Бернарда Пера (АҚШ) жұбымен ойнады. Қарсыластар 7:5, 4:6, 6:2 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, кеше Рыбакина жекелей сында өзінің серіктесі Павлюченковадан ұтылып, онда да жартылай финалдан қағылды. 

Ал өзге қазақстандықтар Александр Бублик - Андрей Голубев жұптық сында жартылай финалдық кезеңге өте алды.

Метки: