Теннис
21 қыркүйек 2022 15:21

Елена Рыбакина Жапониядағы турнирдің бірінші айналымында ұтылып қалды

©РИА Новости/Алексей Филиппов

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Токио (Жапония) қаласында басталған WTA турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бірінші айналымда WTA рейтингінде 22-орында тұрған отандасымыз ресейлік Людмила Самсоновадан ұтылды. 

Бұл ойын 1 сағат 27 минут болды. Оның қорытындысы бойынша Самсонова 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Енді екінші айналымда ресейлік теннисші қытайлық Синьюй Ванмен кездеседі. 

Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина Словенияның Порторож қаласында өткен турнирдің финалына шығып, чехиялық Катерина Синяковаға есе жіберген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport