Теннис
23 қазан 11:03

Елена Рыбакина Жапониядағы жарысты жеңіспен бастады

©WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте №7) Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирді жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Екінші айналымдағы кездесуде Рыбакина әлемнің бұрынғы жасөспірімдер арасындағы бірінші ракеткасы, 2021 жылғы US Open турнирінің финалисі канадалық Лейла Фернандеспен күш сынасты.

Бірінші сетте Елена 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партияда да қарсыласына мүмкіндік бермей, 6:3 нәтижесімен жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 24 минутқа созылды.

Келесі айналымда Рыбакина тағы бір канадалық теннисші Виктория Мбокомен кездеседі. Оны жеңсе маусымдағы үздік 8 теннисші қатысатын жылдың қорытынды турниріне жолдама алады.

Айта кетейік, Токио турнирінің жүлде қоры 1,06 миллион АҚШ долларын құрайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport