Әйелдер теннисі қауымдастығы (Women’s Tennis Association) жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекелей разряд
Қазақстандық теннисшілерге келсек, Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жеткеніне қарамастан, әлемдік рейтингте екінші орында қалды. Юлия Путинцева үш сатыға төмендеп, 80-орынға жайғасты. Жібек Құламбаева керісінше, екі орынға жоғарылап, 395-орынға көтерілді.
Әлемдік рейтингтің көшбасшысы болып Арина Соболенко қала берді, ал үздік үштікті бұрынғысынша Кори Гауфф түйіндеп тұр.
Жұптық разряд
Жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина жетінші орында тұр.
Алғашқы үштік өзгеріссіз қалды: Элизе Мертенс (Бельгия), Катерина Синякова (Чехия), сондай-ақ Жасмин Паолини мен Сара Эррани (екеуі де Италия) үшінші орынды өзара бөлісіп тұр.