Елена Рыбакина жаңа рекорд орнатты

©twitter.com/QatarTennis

Қазақстанның ең мықты теннисшісі Елена Рыбакина WTA-ның биылғы маусымында бірегей жетістікке жетті, деп жазады Vesti.kz.

2024 жылы қазақстандық теннисші WTA матчтеріндегі 10 сетті 6:0 немесе 6:1 есебімен ұтқан екен. Осылайша, Рыбакина 2024 жылы 10 сетті 6:0 немесе 6:1 есебімен ұтқан бірінші теннисші болып отыр. 

Сонымен қоса, Рыбакина 2024 жылғы бес турнирдің төртеуінде финалға дейін жетіп отыр. Еленаның бұған дейінгі осындай көрсеткіші 2020 жылы болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport