Елена Рыбакина дүниежүзінің экс-бірінші ракеткасын жеңді

©Mubadala Abu Dhabi Open

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-нен кейінгі алғашқы турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Елена Рыбакина 9 ақпанда Әбу-Дабидегі (БАӘ) WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open турниріндегі алғашқы ойынын өткізді.

Оның бірінші қарсыласы чехиялық теннисшісі Каролина Плишкова болды. Каролина Плишкова бір кездері әлемнің ең үздік теннисші атанған.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен сенімді жеңді.

Ширек финалда Рыбакинаның келесі қарсыласы бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя болады.

Еске салайық, биыл Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына дейін жетті. Ал былтыр, 2022 жылы Wimbledon чемпионы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport