Бүгін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №11) Берлинде өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен (№1) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
2 сағат 45 минутқа созылған ширек финалдық ойын Соболенконың пайдасына аяқталды — 7:6 (8:6), 3:6, 7:6 (8:6).
Шешуші үшінші сетте Елена Рыбакина тай-брейкте 6:2 есебімен алда тұрғанымен, басымдығын сақтай алмай, қарсыласына жол беріп алды.
All grit & determination ?#BTO pic.twitter.com/YuB1X03GVG
— wta (@WTA) June 20, 2025
Жартылай финалда Арина Соболенко чехиялық теннисші Маркета Вондроушовамен (№164) кездеседі. Вондроушова ширек финалда Тунис өкілі Онс Жаберді (№61) жеңіп өтті.
Жарнама