Елена Рыбакина беделді сыйлыққа ұсынылды

©olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Laureus Sport нұсқасы бойынша беделді сыйлыққа ұсынылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рыбакинамен бірге марапатқа теннисші Карлос Алькарас, 2022 жылғы әлем кубогының жартылай финалына жеткен Марокко футбол командасы, америкалық конькиші Натан Чен, гольфшы Скотти Шеффлер және нигериялық жеңіл атлет Тоби Амусан ұсынылды.

Елена Рыбакина – Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 10-ракеткасы. Ол Wimbledon турнирінің чемпионы атанған және Australian Open турнирінің финалында ойнаған алғашқы қазақстандық теннисші болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport