Елена Рыбакина Australian Open турнирінің бірінші айналымында Зарина Дияспен кездеседі

©Australian Open

Қазақстандық теннисшілердің 2022 жылғы Аустралия ашық біріншілігіндегі (Australian Open) қарсыластары анықталды. Жеребенің қорытындысы бойынша бірінші айналымда екі қазақстандық теннисші жолығатын болды, жеп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Турнирдің бірінші айналымында 12-нөмірмен тіркелген Елена Рыбакина Зарина Дияспен кездесетін болды. Осышайла, Аустралия жерінде қазақстандық теннисшілер алғашқы рет өзара кездесу өткізеді. 

Ал тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бірінші айналымда франциялық Хармони Танмен жолығады. Бұл теннисшілер осы уақытқа дейін мүлде кездеспеген. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Рыбакина WTA рейтингінде 13-орында болса, Путинцева 43, Дияс 108-орынға жайғасқан. 

Қазақстандық теннисшілер Australian Open турнирін сәтті бастады

Сонымен қатар, бүгін ерлер арасында да жеребе тартылды. Бірінші айналымда біздің бірінші нөмірлі теннисшіміз Александр Бубликтің қарсыласы іріктеудің қорытындысы бойынша анықталады. 

Еске салайық, ертең 14 қаңтарда болатын іріктеудің финалында үш бірдей қазақстанддық теннисші өнер көрсетеді. Сол үшін ерлер арасында да Қазақстанның теннисшілері бір-біріне қарсылас болуы мүмкін.

Айта кетейік, Australian Open турнирінің бірінші айналымы 17 қаңтар күні басталады. 

Жеребенің толық нұсқасын турнирдің ресми сайтынан көре аласыздар. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: