Елена Рыбакина алғаш рет әлемдік рейтингте 13 орынға көтерілді

©ktf

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (2980 ұпай) әлемдік рейтингте бір саты жоғарылады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

22 жастағы жерлесіміз WTA рейтингінде 13-орынға көтерілді. Осылайша, ол бұрынғы бірінші ракетка Наоми Осаканы артта қалдырып отыр. Рейтинг көшін аустралиялық Эшли Барти (8051) бастап тұр. Артынша беларуссиялық Арина Соболенка (6351) және үздік үштікті испаниялық Габринье Мугуруса (5635) түйіндеп тұр.

Еске салайық, Рыбакина мен Барти Аустралияның Аделаидасында өткен WTA 500 турнирінде кездесіп, екі сеттің қорытындысы бойынша (3:6, 2:6) жергілікті теннисші жеңіске жетті.

Дегенмен 2022 жылы Рыбакина қатарынан төрт матчта жеңіске жетті. Олардың арасында аустралиялық Сторм Сандерсті (6:4, 1:6, 6:1), чехиялық Мария Боузкованы (6:3, 6:4), АҚШ өкілі Шелби Ролджерсті (3:6, 6:3, 6:2) және жапониялық Мисаки Доиді (6:4, 6:3) есебімен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: