Теннис
28 шілде 10:12

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте шарықтай көтерілді

©WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA жұптық рейтингінте бірден 296 орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол 569-орыннан 273-сатыға жоғарлады.

Ал осы уақытта Юлия Путинцева екі саты төмендеп, қазіргі 59-орынды иеленіп отыр. Қазақстандық теннисшілер арасында жұптық рейтингте ең үздік нәтиже Анна Данилинаға тиесілі – ол 10-орынды сақтап қалды.

Әлемдік көшбасшылар қатарында да өзгерістер болды: жаңа бірінші нөмір – америкалық теннисші Тейлор Таунсенд. Ол чехиялық Катерина Синяковадан озып, көш бастады. Синякова екінші орынға сырғыды. Үздік үштікті латвиялық Елена Остапенко түйіндеп тұр.

Жаңартылған WTA жеке рейтингінің толық нұсқасын осы жерден көруге болады.

Еске салайық, өткен аптада Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы Вашингтон турнирінің жартылай финалында канадалық Лейла Фернандеске сенсациялық түрде есе жіберіп, финалға жете алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport