Индиан-Уэллсте (АҚШ, Калифорния штаты) өтіп жатқан WTA турнирінде Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина (20) ширек финалға жолдама алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Төртінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 20-орында тұрған швейцариялық Виктория Голубичті (51) 7:6 (5), 6:2 есебімен ұтты.
Жартылай финалға шығу үшін Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы грекиялық Мария Саккаримен ойнайды. Бұл теннисшілер екінші мәрте кездесейін деп жатыр. Бұған дейін 2020 жылы Санкт-Петербургте өткен турнирде қазақстандық Саккариді жеңген болатын.