Елена Рыбакина АҚШ жерінде өтіп жатқан турнирдің екінші кезеңіне шықты

©Olympic.kz

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ жерінде өтіп жатқан Индиан-Уэллс турнирінің екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Рыбакина бірінші айналымда бельгиялық Алисон Ван Уйтванктан айласын асырды. Есеп - 6:1, 7:5. Енді келесі кезеңде отандасымыз Виктория Азаренко (Беларусь) мен Астра Шарма (Австралия) арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады. 

Айта кетейік, жұптық сында Рыбакина эстониялық Анетт Контавейтпен бірінші айналымда 6:7, 2:6 есебімен америкалық София Кенин мен Элисон Рискеден ұтылды. 

Еске салайық, Индиан-Уэллсте өнер көрсеткен Юлия Путинцева екінші айналымда 3:6, 6:2, 4:6 есебімен швейцариялық Виктория Голубичке есе жіберді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: