Елена Рыбакина АҚШ-ғы турнирдің ширек финалында ұтылды

©Reuters

Елена Рыбакина Цинциннатидегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінде америкалық Мэдисон Кизге ұтылып жарысты аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Рыбакина ширек финалда 2:6, 4:6 нәтижесімен есе жіберді.

Матчтың екінші сетінде жерлесіміз екі геймде басым болды. Алайда ойын соңына дейін жеңісті сериясын жалғастыра алмады.

Еске салайық, Елена Рыбакина биыл "Уимблдон" турнирінің жекелей сайысында жеңіске жетті.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport