Елана Рыбакина Чикагодағы турнирдің жартылай финалына шықты

©Reuters

Қыздар арасында Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Чикагода (АҚШ) WTA турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Ширек финалда отандасымыз Швейцария елінің теннисшісі Белинда Бенчичпен кездесті. Ойынның бірінші сетін Рыбакина 6:4 есебімен ұтқан. Екінші кезең барысында да қазақстандық теннисші 3:1 есебімен жеңіп тұрған. Осы кездесуде қарсылас матчты жалғастырудан бас тартты. 

Енді, 3 қазан күні турнирдің жартылай финалында Елена 4/1 финалда украиналық Элена Свитолинаны 6:4, 6:2 есебімен жеңген тунистік Онс Жабермен кездеседі. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: