Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мериде (Мексика) өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.
Бұл жетістікке ол эквадорлық Андрес Андрадені жеңгеннен кейін қол жеткізді. Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте ұтты. Қорытынды есеп – 6:3, 6:4.
Ширек финалға шығу үшін Попко боливиялық Хуан Карлос Прадо Анхеломен кездеседі.
Жарнама