"Үлкен дулығаның" 21 дүркін чемпионы Нокак Джокович аустралиялық Ник Кирьосқа кеңес берді, деп хабарлайды "Чемпионат".
Кирьос өткен аптада Вашингтондағы (АҚШ) турнирде жеңіске жеткен еді.
"Құттықтаймын! Бұл апта сен үшін ерекше өтіп жатыр. Енді "Үлкен дулығаны" ұту үшін саған қосымша жаттығуға капойэраны қосу керек", - деп жазды Джокович.
Еске салайық, Джокович 2022 жылы "Уимблдон" жарысының финалында Кирьосты ұтты.