Джокович "Мастерс" турниріне қатыспауы мүмкін

©ҚТФ

"Үлкен дулыға" турнирлерінің 21 дүркін чемпионы Новак Джокович Париждегі "Мастерс" турниріне қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Бұл туралы теннисшінің бапкері айтты.

"Ол міндетті түрде Туриндегі қорытынды турнирге қатысады. Алайда Париждегі "Мастерске" толық бабына келіп үлгермеуі мүмкін. Әлі бір шешімге келген жоқпыз", - дейді Горан Иванишевич.

Еске салайық, Новак Джокович биылғы маусымда "Уимблдон", Тель-Авив, Астана және Римдегі турнирлерде жеңіске жетті. Сонымен қатар, өткен жылғы "Мастерс" бәсекесінің чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport