Теннис
8 ақпан 2019 15:13
 
Дияс және Путинцевамен Қазақстан құрамасы Федерация кубогындағы топта бірінші болды

  Пікірлер

blog.share

Дияс және Путинцевамен Қазақстан құрамасы Федерация кубогындағы топта бірінші болды Tennis Canada©

Федерация кубогында Қазақстан құрамасы Азия/Океания аумағы А тобында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алғашқы жеке ойында Зарина Дияс 2:0 есебімен Карман Каур Тхандиді жеңді - 6:3, 6:2. WTA рейтингінде 25 жастағы қазақстандық теннисші 96-шы, ал қарсыласы 211-ші. Жекелей кездесуде Диас алда - 2:0. 

Екінші жекелей ойында Юлия Путинцева Анкита Райнаны ұтты - 6:1, 7:6. 24 жастағы Путинцева WTA рейтингінде 43-ші орында, 26 жастағы қарсыласы 165-ші. Бұл жеңіспен Путинцева былтырғы Федерация кубогындағы қарымтасын қайтарып, жекелей кездесу есебін - 1:1 етті. 

Қосарлы ойында Анна Данилина мен Галина Воскобоеваның қарсыластары Райно және Тханди болады. Алайда бұл ойынның есебі маңызды болмай қалды. 

Мұның алдында Қазақстан құрамасы Тайландты 3:0 есебімен жеңген болатын. 

Енді қазақстандық теннисшілер В тобының үздіктерімен кездеседі - әзірге онда Қытай құрамасы көшбасшы. Бұл қарсылық жеңімпазы басқа аумақ командасымен екінші әлемдік топқа жолдама үшін таласады. 

Жарнама

Живи спортом!