Теннис
30 қараша 2021 16:07

Дэвис Кубогінің форматы келесі жылы өзгеруі мүмкін

©tennisacademy

2022 жылы теннистен Дэвис Кубогінің форматы өзгеруі мүмкін деп жазады Vesti.kz тілшісі The Telegraph басылымына сілтеме жасап.

Өзгерістер финалдық кезеңге шыққан қатысушы құрамалар арасында болады. Жоспар бойынша аталмыш жарыста 16 команда 4 топқа бөлінбек. Әр топ өз ойындарын Еуропа аймағында өткізіп, плей-офф кездесулері Абу-Дабиде болуы мүмкін.

Еске салайық, "Дэвис Кубогі – 2021" турнирінде жүлделі орындарды 7 құрама сарапқа салуда. Қазірдің өзінде Италияны ұтқан Хорватия спортшылары жартылай финалға жолдама алып үлгерді. Қазақстан мен Сербия құрамалары өзара мықтыны анықтаса, Ресей мен Швеция теннисшілері ширек финалда жолығады.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport