Дэвис кубогінің финалы өтетін жер анықталды

©Андрей Ударцев

Халықаралық теннис федерациясы 2022 және 2023 жылғы Дэвис кубогінің финалы өтетін жерді анықтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстан құрамасы өнер көрсететін плей-офф кезеңі 21 және 27 қараша аралығында Испанияның Малага қаласында болады. Сонымен қатар, 2023 жылдың финалы да осы қалада өтеді. 

Ал турнирдің топтық кезеңдері Малага қаласымен бірге Италияның Болонья, Шотландияның Глазго және Германияның Гамбург қалаларында 14 және 18 қыркүйек арасына белгіленген. Топтық кезеңнің жеребесі 26 сәуір күні тартылады. 

Оған Қазақстаннан бөлек 15 құрама қатысады. Олар Хорватия, Сербия, Ұлыбритания, Канада, Аргентина, Аустралия, Бельгия, Франция, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Испания, Швеция және АҚШ. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы топтық кезеңге Норвегияны ұтқаннан кейін шыққан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: