Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Дияс Доскараев Дэвис кубогы аясында Швейцарияға қарсы өтетін ойынға қатысатын теннисшілердің тізімін жариялады.
Капитан бұл ойынға 30-жастағы Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде (69-орын), 21-жастағы Александр Недовесов (№234), 21-жастағы Дмитрий Попко (№248), 22 жастағы Тимур Хабибулин(№783) және дебютант, 21-жастағы Роман Хасановты (№711) шақырды.
Алдағы матчта Швейцария құрамасы резервтегі жас теннисшілерімен ойнайды. Олардың ең үлкені 25 жаста.
Қазақстан мен Швейцария арасындағы матч ақпан айының 2-4 күндері аралығында Астанада өтеді. Дэвис кубогының мықтылар тобына Қазақстан құрамасы кыркүйек айында Аргентина құрамасын 3:1 есебімен ұтып оралған болатын.
Еске салайық, бұған дейін Дэвис кубогы аясында Қазақстан Швейцариямен екі мәрте кездескен болатын. 2010 жылы қазақстандық теннисшілер Астанада 5:0 есебімен ұтып, алғаш рет әлемдік топқа шыққан еді. Ал 2014 жылы Женевада өткен ширек финалда 2:3 есебімен отандастарымыз ұтылды.
2010 жылы өткен кездесуде Швейцария атынан Стэн Вавринка ойнады. Ал екінші кездесуде Роджер Федерер болатын. Бұл жолы команда өз лидерлерінсіз ойнамақшы.

Жарнама