Дэвис кубогі: Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы кездесудің есебі теңесті

©ҚТФ

Норвегияның астанасы Осло қаласында теннистен Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы екінші кездесу аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Екінші кездесуде Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-нөмірлі теннисшісі Александр Бублик пен Норвегияның екінші, әлемнің 321-ші теннисшісі Виктор Дурасович кездесті. 

Ойынның бірінші сетін Бублик оңай жеңді. Ол сет барысында бір брейк істеп, 6:3 есебімен кезеңді аяқтады. 

Кездесудің екінші сетін де Александр оңай жеңді. Екінші кезеңде Бублик екі брейк тіркеп, 6:2 есебімен қарсыластан айласын асырды. 

Осылайша, Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы есеп 1:1 болды. Еске салайық, бұған дейін біздің Михаил Кукушкин Каспер Руудтан ұтылған болатын. 

Енді ертең бұл құрамалар арасында ойын жалғасады. Бірінші болып кортта Андрей Голубев пен Александр Недовесов норвегиялық Каспер Рууд пен Виктор Дурасовичпен кездеседі. Содан соң шешуші ойында екі елдің бірінші нөмірлі теннисшілері Каспер Рууд пен Александр Бублик ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: